Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

09 қаңтардан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның KZ2P00016686 (MFMOb35) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшіріледі

08.01.2026 15:43 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 08.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 08 қаңтардан 
бастап  "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" микроқаржы ұйымы" ЖШС-ның 
KZ2P00016686 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" 
санаты, MFMOb35; $100, $3,0 млн; 06.01.26 – 06.01.27; ай сайынғы купон, 
жылдық 11,00 %; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық 
режіміне көшірілетінін хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялар бойынша баға 
белгілеу дәлдігі облигацияның номиналды құнына пайызбен көрсетілген 
"таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші ондық белгісіне дейін белгіленеді; 
баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат 
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFMOb35 сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-01-08]