Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

09 қаңтардан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС-ның KZ2P00013386 (MFSLb8) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық режіміне көшіріледі

08.01.2026 15:51 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 08.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 09 қаңтардан 
бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС-ның KZ2P00013386 (KASE баламалы алаңы, 
"коммерциялық облигациялар" санаты, MFSLb8; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 
31.12.25 – 31.12.26; тоқсандық купон, жылдық 18.00 %; 30/360) "таза" 
бағамен сауда-саттық режіміне ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигацияларға баға белгілеудің 
дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" 
бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленді, баға белгілеу 
валютасы – Қазақстан теңгесі.

Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланған: 
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFSLb8

[2026-01-08]