Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

12 қаңтардан бастап KASE-де "Серт А" ломбарды" ЖШС-ның KZ2P00016033 (MFLSb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

09.01.2026 15:44 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 09.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 12 қаңтардан 
бастап KASE-де "Серт А" ломбарды" ЖШС-ның KZ2P00016033 (KASE 
баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFLSb1; 1000 теңге, 1,0 млрд 
теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 22,00 %; 30/360) облигацияларымен 
сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигацияларға баға белгілеудің 
дәлдігі баға белгілеу валютасымен көрсетілген облигацияның "таза емес" 
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленді, баға белгілеу 
валютасы – Қазақстан теңгесі.

Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланған: 
https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFLSb1

[2026-01-09]