13 қаңтардан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Еурооблигациялар қоры" ИИПҚ KZPF00000025 (CSECfe) және "Сентрас - жаһандық нарықтар" ИИПҚ (CSECgm) пайларының номиналды құны туралы ақпарат өзгертілді және олармен сауда-саттық қайта басталды
/KASE, 13.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 13 қаңтарынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында мынадай ақпараттың өзгергені туралы хабарлайды: - "Еурооблигациялар қоры" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe) пайларының номиналды құны 500 000 теңгеден 1 000 АҚШ долларына өзгертілді; - "Сентрас - жаһандық нарықтар" ИИПҚ KZPF00000033 пайларының номиналды құны ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECgm) 200 000 теңгеден 400 АҚШ долларына өзгерді. Аталған пайлармен 2026 жылдың 08 қаңтарынан бастап тоқтатылған сауда- саттықтар 2026 жылдың 13 қаңтарынан бастап KASE-де қайта басталды. Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2026 жылдың 08 қаңтарында "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Еурооблигациялар қоры" ИИПҚ және "Сентрас-жаһандық нарықтар" ИИПҚ ережелеріне өзгерістерді тіркеді" тақырыбандыға жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/ru/information/news/show/1558301 [2026-01-13]