Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

16 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында "ALTA Telecom" ЖШС ("АЛТА Telecom") KZ2P00015282 (ALTAb1) облигацияларымен сауда- саттық ашылады

15.01.2026 15:29 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 15.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
16 қаңтарынан бастап "ALTA Telecom" ЖШС ("АЛТА Telecom") 
KZ2P00015282 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, АLTAb1; 
1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 
30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын 
хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" 
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу 
валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/ALTAb1

[2026-01-15]