Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE биржалық нарықтың 2025 жылдағы жұмысын қорытындылады

15.01.2026 17:30 · KASE новости kase пресс-релизы, различные уведомления биржи корпоративтік оқиғалар ·
/KASE, 15.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдағы қызметтің 
негізгі қорытындылары туралы хабарлайды.

- KASE сауда-саттығының жиынтық көлемі 2025 жылы 400,8 трлн теңгені 
  құрады және 2024 жылға қарағанда 3,0 %-ға немесе 11,7 трлн теңгеге 
  өсті.

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 26,1 %-ға 
  7 031,32 тармаққа дейін ұлғайды.

- Акциялар нарығын капиталдандыру бір жылда 18,7 %-ға 39,0 трлн 
  теңгеге дейін өсті.

- KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 18,5 %-ға 
  16,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

- 2025 жылы 41 жаңа эмитенттің бағалы қағаздары листинг 
  процедурасынан өтті: біреуі акциялар секторында, корпоративтік 
  облигациялар секторында – 40.

- 2026 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық 
  тізімдерінде 939 атаудағы 280 эмитенттің мемлекеттік емес бағалы 
  қағаздары болды.

Бағалы қағаздар нарығының, шетел валюталарының, ақша нарығының және 
туынды құралдар нарығының көрсеткіштерін, сондай-ақ негізгі іс-шараларға 
шолуды қамтитын толық ақпарат KASE баспасөз мәлімдемесінде 
ұсынылған.

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – 
https://kase.kz/uploads/KASE_2025_zhyldy_orytyndysy_bojynsha_birzha_nary_
y_zh_mysyny_n_tizhesin_zhariyalajdy_120e653de1.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – 
https://kase.kz/uploads/KASE_predstavlyaet_rezultaty_raboty_birzhevogo_rynka
_po_itogam_2025_goda_048eff9e7b.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – 
https://kase.kz/uploads/KASE_presents_the_exchange_market_s_performance_
8f164b06e2.pdf

[2026-01-15]