Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

21 қаңтардан бастап "AltaMet Minerals" АҚ KZ1C00015510 (ALMT) жай акциялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына енгізілді

21.01.2026 09:33 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 21.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік 
комиссиясының 2026 жылдың 19 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми 
тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына "AltaMet Minerals" АҚ 
(Алматы) KZ1C00015510 (сауда коды – ALMT) жай акциялары енгізілді.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 21 қаңтарынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 
2025 жылдың 22 қазанындағы жарияланған акциялар шығарылымын 
мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "AltaMet Minerals" АҚ 
акцияларының шығарылымы 203 050 жай акцияға бөлінген, бір акцияның 
номиналды құны – 1 000 теңге.

"AltaMet Minerals" АҚ қызметінің негізгі түрі – бағалы металдар мен сирек 
металдар кендерін өндіру.

Аталған акциялар туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/ALMT

[2026-01-21]