Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

21 қаңтардан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС облигацияларының алты шығарылымы баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

21.01.2026 10:14 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 21.01.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 19 қаңтарында Mogo Kazakhstan (Мого 
Қазақстан)" МҚҰ " ЖШС (Алматы) келесі облигацияларын баламалы 
алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу 
туралы шешім қабылдады:

1) KZ2P00016850 (MFMOb37; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; ай 
   сайынғы купон, жылдық 23,00 %;30/360);

2) KZ2P00016868 (MFMOb38; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; ай 
   сайынғы купон, жылдық 23,00 %; 30/360);

3) KZ2P00016876 (MFMOb39; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; ай 
   сайынғы купон, жылдық 23,00 %; 30/360);

4) KZ2P00016785 (MFMOb40; $100, $4,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, 
   жылдық 11,00 %; 30/360);

5) KZ2P00016793 (MFMOb41; $100, $4,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, 
   жылдық 11,00 %; 30/360);

6) KZ2P00016819 (MFMOb42; $100, $4,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, 
   жылдық 11,00 %; 30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 21 қаңтарынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

KZ2P00016850, KZ2P00016868 және KZ2P00016876 облигацияларының 
шығарылымдары 2025 жылдың 16 қаңтарында 50,0 млрд теңге сомасына 
тіркелген "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" ЖШС үшінші облигациялық 
бағдарламасы шеңберінде жетінші, сегізінші және тоғызыншы болып табылады.

KZ2P00016785, KZ2P00016793 және KZ2P00016819 облигацияларының 
шығарылымдары 2025 жылдың 22 қаңтарында 100,0 млн АҚШ доллары 
сомасына тіркелген "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" ЖШС-нің төртінші 
облигациялық бағдарламасы шеңберінде жетінші, сегізінші және тоғызыншы 
болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFMO

[2026-01-21]