Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

21 қаңтардан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007318 (KFUSb9) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

21.01.2026 12:18 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 21.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
21 қаңтарынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар 
нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік 
тізімнен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007318 (KFUSb9) 
облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты 
алып тастады (21 қаңтар – өтеу кезінде тіркеу күні).

2026 жылдың 21 қаңтарынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының 
өкілдік тізімі 72 атаулы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке 
алмағанда бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар 
бағасының ("таза" бағалар бойынша) индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-01-21]