Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

23 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылады

22.01.2026 15:14 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 22.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
23 қаңтарынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша мынадай бағалы 
қағаздармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 05 наурызына және одан кейінгі 
   күндерге сәйкес келетін, QUALCOMM Inc. (АҚШ) US7475251036 ("KASE 
   Global" секторы, QCOM_KZ) жай акциялары, сауда-саттық 2026 жылдың 
   10 наурызынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 20 наурызына және одан кейінгі 
   күндерге сәйкес келетін SPDR S&P 500 ETF TRUST US78462F1030 
   (сектор "KASE Global", SPY_KZ) сауда-саттық 2026 жылдың 
   26 наурызынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-01-22]