Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

26 қаңтардан бастап үш атаудағы ETF-пен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

23.01.2026 17:44 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 23.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
26 қаңтарынан бастап орталық контрагенттың қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесінде жасалатын репо операциялары бойынша келесі ETF-пен 
сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 ақпанына және 02 наурызына және 
   одан кейінгі күндерге келетін, US74347G1849 ("KASE Global" секторы, 
   BITI_KZ) ProShares Short Bitcoin ETF, сауда-саттық 2026 жылдың 
   04 наурызында қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 ақпанына және 02 наурызына және 
   одан кейінгі күндерге келетін US74349Y5713 ("KASE Global" секторы, 
   ETHT_KZ) ProShares Ultra Ether ETF, сауда-саттық 2026 жылдың 
   04 наурызында қайта басталады;

3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 ақпанына және 02 наурызына және 
   одан кейінгі күндерге келетін US74347G4405 ("KASE Global" секторы, 
   BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF, сауда-саттық 2026 жылдың 
   04 наурызында қайта басталады.

Сауда-саттықтар KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты 
ішкі құжатының 13 бабы, 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де 
аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тіркелімнің 
тиянақталуы туралы ақпараттың бар болуына сәйкес тоқтатыла тұрады.

[2026-01-23]