Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

29 қаңтардан бастап KASE-де АҚШ Қаржы министрлігінің US912828YQ73 (US158_2610) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

28.01.2026 17:15 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 28.01.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 29 
қаңтарынан бастап KASE-де АҚШ Қаржы министрлігінің US912828YQ73 
("мемекелеттік бағалы қағаздар" секторы, US158_2610) халықаралық 
облигацияларымен орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын сауда-
саттық режіміндегі және есеп айырысуы 2026 жылғы 29 сәуірге және одан 
кейінгі күндерге түсетін репо операциялары бойынша сауда-саттық уақытша 
тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты 
ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де 
2026 жылғы 29 сәуіргде осы облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу 
үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына 
байланысты уақытша тоқтатылды.

KASE-де аталған облигациялардың саудасы 2026 жылдың 04 мамырында 
қайта жалғасады.

[2026-01-28]