Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

03 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Mogo Kazakhstan" (Мого Қазақстан) МҚҰ" ЖШС KZ2P00014483 (MFMOb31) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

02.02.2026 15:36 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 02.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
03 ақпанынан бастап "Mogo Kazakhstan" (Мого Қазақстан) МҚҰ" ЖШС 
KZ2P00014483 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFMOb31; 
1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 
30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын 
хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" 
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу 
валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFMOb31

[2026-02-02]