Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"ҚазТрансОйл" АҚ 2026 жылдың 01 наурызынан бастап магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау қызметтеріне тарифтердің өзгергені туралы хабарлайды

02.02.2026 17:46 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 02.02.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп 
хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) 2026 жылғы 
30 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының 
аумағынан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан Республикасының 
аумағы арқылы транзит мақсатында көрсетілетін келесі қызметтерге 
тарифтер бекітіліп, олар 2026 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа 
енгізіледі:

- Т. Қасымов атындағы МАС-та теміржол цистерналарынан мұнайды құю – 
1 тонна үшін 1 715,05 теңге (ҚҚС-сыз) өсім 969 теңге, немесе 130 %;

- Т. Қасымов атындағы МАС-та мұнайды "Кенкияк-Атырау" мұнай құбырына 
ауыстырып құю – 1 тонна үшін 80,99 теңге (ҚҚС-сыз) өсім 0,6 теңге, немесе 
0,8 %;

- "Шағыр" мұнай құю эстакадасында мұнайды теміржол цистерналарына құю 
– 1 тонна үшін 517,00 теңге (ҚҚС-сыз) өсім 236 теңге, немесе 84 %.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/8328-20260202-press-reliz.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_020226_1.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs__020226_eng.pdf

[2026-02-02]