Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

04 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда саттық тоқтатыла тұрады

03.02.2026 14:35 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 03.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
04 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай 
акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 12 ақпанына және одан кейінгі күндерге 
   келетін Exxon Mobil Corporation US30231G1022 ("KASE Global" секторы, 
   XOM_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап қайта 
   басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 сәуіріне және одан кейінгі күндерге 
   келетін Verizon Communications Inc. US92343V1044 ("KASE Global" 
   секторы, VZ_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 13 сәуірінен бастап қайта 
   басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу 
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-02-03]