Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

04 ақпаннан бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00015485 (BTRKb29) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

04.02.2026 10:19 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 04.02.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 02 ақпанында "Бәйтерек" Ұлттық 
инвестициялық холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00015485 (BTRKb29; 
1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 370 күн; жартыжылдық купон; облигацияларды 
орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу нәтижелері бойынша 
анықталатын болады; actual/365) облигациялары негізгі алаңның 
"облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім 
қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 04 ақпанынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн 
теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-
ның 10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 10-шы болып 
табылады.

"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі 
"Alatau City Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKb29

[2026-02-04]