Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

09 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

06.02.2026 16:10 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 06.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
09 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай 
акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 06 наурызына және одан кейінгі 
   күндерге келетін Bank of America Corporation US0605051046 ("KASE 
   Global" секторы, BAC_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 10 наурызынан 
   бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 04 наурызына және одан кейінгі 
   күндерге келетін PayPal Holdings Inc.US70450Y1038 (сектор "KASE 
   Global", PYPL_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 10 наурызынан бастап 
   қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу 
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-02-06]