Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

16 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2655869530 (EBRDe19) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

13.02.2026 12:24 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 13.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
16 ақпанынан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің 
XS2655869530 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" 
секторы, EBRDe19) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық 
тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылдың 
17 ақпанында шығарылылым аңдатпасының шарттарына сәйкес аталған 
облигацияларды ішінара сатып алуды өткізуге байланысты тоқтатыла 
тұрады.

[2026-02-13]