Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

18 ақпаннан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00017093 (KAFIb19) облигациялары Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

13.02.2026 17:06 · KASE новости kacc новости новости клирингового центра ·
/KACC, 13.02.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық 
тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 18 ақпанынан 
бастап жартылай қамтамасыз ету шарттарында Орталық контрагентпен 
мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне 
(Т+ Тізімі) және жартылай қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша 
міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қор нарығының қаржы 
құралдарының тізіміне (Т + Қамтамасыз ету тізімі) "ҚазАгроҚаржы" АҚ 
KZ2C00017093 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"санаты, KAFIb19) 
облигациялары енгізілетін болады.

Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу 
тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған 
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf

[2026-02-13]