Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

17 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Alphabet INC. US02079K1079 (GOOG_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.

16.02.2026 12:25 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 16.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 17 
ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу 
күні 2026 жылдың 09 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін, 
Alphabet INC. (АҚШ) US02079K1079 ("KASE Global" секторы, GOOG_KZ) жай 
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 11 
наурызынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) 
тармақшасына сәйкес KASE-де 2026 жылдың 09 наурызында көрсетілген 
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге 
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-02-16]