Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

19 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады

18.02.2026 14:49 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 18.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
19 ақпанынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай 
акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 02 наурызына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, NIKE, Inc. US6541061031 ("KASE Global" секторы, 
   NKE_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 04 наурызынан бастап қайта 
   басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 16 наурызына және одан кейінгі 
   күндерге келетін US30303M1027 (сектор "KASE Global", META_KZ) Meta 
   Platforms, Inc., сауда саттық 2026 жылдың 18 наурызынан бастап қайта 
   басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу 
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-02-18]