Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Эйр Астана" АҚ FlyArystan басшылығындағы өзгерістер туралы хабарлады

18.02.2026 15:01 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 18.02.26/ – "Эйр Астана" АҚ (KASE тикері – AIRA) былай деп 
хабарлады:

дәйексөздің басы

"Эйр Астана" АҚ (Air Astana, еншілес FlyArystan әуе компаниясымен бірге – 
"Топ") 2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan бюджеттік әуе 
компаниясының Президенті лауазымына Йохан Эйдхагеннің 
тағайындалғанын хабарлайды.

Йохан Эйдхаген FlyArystan компаниясына Wizz Air әуе компаниясынан 
ауысады. Онда ол бірқатар басшылық қызметтер атқарған, соның ішінде 
соңғы уақытта Абу-Даби қаласында Wizz Air компаниясының басқарушы 
директоры қызметін атқарды. Wizz Air құрамында ол кадрлар және ESG 
жөніндегі атқарушы директор, сондай-ақ маркетинг бойынша атқарушы 
директор лауазымдарын да иеленген. Wizz Air-ге келгенге дейін ол 
шамамен он бес жыл бойы Nokia компаниясында әртүрлі елдерде 
басшылық қызметтерде еңбек еткен.

Йохан Эйдхаген Ричард Леджердің орнына келеді. Ричард Леджер Air 
Astana Тобында жаңа басшылық қызметке – серіктестіктер мен альянстар 
жөніндегі вице-президенті лауазымына тағайындалады. China Southern 
Airlines және Air India әуе компанияларымен жуырда жасалған келісімдерді 
қоса алғанда, кодшерингтік серіктестіктер Топтың халықаралық қызметін 
кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Ричард осы бағыттағы мүмкіндіктерді 
дамытуға, өңірдің ірі нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге 
жауапты болады.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/8801-fsceo-kaz.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs_180226_1.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/AIRA/aira_relizs__180226_eng.pdf

[2026-02-18]