23 ақпаннан бастап KASE "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ KZ2C00006393 (KZIKb30) облигацияларының айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен алып тастады
/KASE, 23.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 ақпанынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ KZ2C00006393 (KZIKb30) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (23 ақпан – өтеу кезінде тіркелген күні). 2026 жылдың 23 ақпанынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 71 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша). Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2026-02-23]