Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

24 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының екі шығарылымымен сауда саттық ашылады

23.02.2026 14:53 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 23.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
24 ақпанынан бастап АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық 
облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:

1) US91282CJC64 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US189_2610; 
   $46 000,0 млн; 16.10.23 – 15.10.26; жартыжылдық купон, жылдық 
   4,625 %; actual/actual);

2) US91282CJP77 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US190_2612; 
   $49 999,0 млн; 15.12.23 – 15.12.26; жартыжылдық купон, жылдық 
   4,375 %; actual/actual).

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ 
доллары.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/US_MF

[2026-02-23]