Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

25 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab. US0028241000 (ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.

24.02.2026 14:55 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 24.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 25 
ақпанынан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 сәуірiне 
және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің 
қатысуымен сауда-саттық режимдерінде жасалатын репо операциялары 
бойынша Abbott Lab. (АҚШ) US0028241000 ("KASE Global" секторы, ABT_KZ) 
жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 17 сәуірiнен 
бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 
12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2026 жылдың 15 сәуірiнде көрсетілген 
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге 
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.