Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

26 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp. US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

25.02.2026 12:02 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 25.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 26 
ақпанынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу 
күні 2026 жылдың 03 наурызына және одан кейінгі күндерге келетін 
Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 (сектор "KASE Global", NEM_KZ) жай 
акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 05 
наурызынан бастап қайта басталады

Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) 
тармақшасына сәйкес KASE-де 2026 жылдың 03 наурызында көрсетілген 
акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге 
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-02-25]