Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

26 ақпаннан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00016397 (MFBLb8) және KZ2P00016405 (MFBLb9) облигациялары "таза" бағамен сауда-сатттық тәртіптемесіне ауыстырылады

25.02.2026 15:57 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 25.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
26 ақпанынан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС-нің келесі облигациялары 
"таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды:

1) KZ2P00016397 (KASE балама алаңы,"облигациялар" санаты, MFBLb8; 
   1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 19.02.26 – 19.02.31; тоқсандық купон, 
   жылдық 21,00 %; 30/360);

2) KZ2P00016405 (KASE балама алаңы,"облигациялар" санаты, MFBLb9; 
   1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 19.02.26 – 19.02.31; тоқсандық купон, 
   жылдық 21,00 %; 30/360).

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/MFBL

[2026-02-25]