Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2655869530 (EBRDe19) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық қайта басталды

27.02.2026 10:00 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 27.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
27 ақпанынан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің 
XS2655869530 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" 
секторы, EBRDe19) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық 
қайта басталғаны туралы хабарлайды.

Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттық 2026 жылдың 
16 ақпанынан бастап тоқтатылды.

Аталған облигациялардың сауда-саттығы шығарылым аңдатпасының 
шарттарына сәйкес аталған облигацияларды ішінара өтеу процедурасының 
аяқталуына байланысты қайта басталды.

Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2026 жылдың 13 ақпанындағы 
"16 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта құру және 
даму банкінің XS2655869530 (EBRDe19) халықаралық облигацияларымен 
сауда-саттық тоқтатыла тұрады" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған 
болатын – https://kase.kz/ru/information/news/show/1560679

[2026-02-27]