Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Турсунханов Н.А. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің KASE Директорлар кеңесіндегі өкілі болып айқындалды

27.02.2026 15:22 · KASE новости kase пресс-релизы, различные уведомления биржи корпоративтік оқиғалар ·
/KASE, 27.02.26/ – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және 
дамыту агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 
құрамындағы өкілі ретінде Агенттік төрағасының орынбасары 
Н.А. Турсунхановты айқындады. Турсунханов Н.А. болмаған жағдайда, оның 
алмастыруға құқылы тұлға болып Агенттіктің Бағалы қағаздар нарығы 
департаментінің директоры И.Б. Мойсов тағайындалды.

"Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңына 
сәйкес, KASE Директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру 
құқығымен уәкілетті органнан (Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын 
реттеу және дамыту агенттігі) және Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкінен бір-бірден өкіл кіреді.

Директорлар кеңесінің эмитенттер аудиті жөніндегі комитетінің және Листинг 
комиссиясының құрамына келесі өзгерістер енгізілді:

- Директорлар кеңесінің эмитенттер аудиті жөніндегі комитеті – Мойсов 
  И.Б. тағайындалды (ол болмаған жағдайда – Жумабаева З.С.);

- Листинг комиссиясы – И.Б. Мойсов тағайындалды (ол болмаған 
  жағдайда – З.С. Жумабаева).

KASE Директорлар кеңесі комитеттері мен комиссияларының құрамы 
туралы ақпарат KASE интернет-ресурсында жарияланған – 
https://kase.kz/ru/about/committees-and-commissions

[2026-02-27]