ХАБАРЛАНДЫРУ: 05 наурызда KASE "Ring the Bell for Gender Equality" сауда-саттығының ашылу рәсімін өткізеді
/KASE, 27.02.26/ – 2026 жылғы 05 наурызда Қазақстан қор биржасы (KASE) БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" (UN SSE) жаһандық бастамасы аясында "Ring the Bell for Gender Equality" сауда-саттығының салтанатты ашылу рәсімін өткізеді. Іс-шара TechnoWomen компаниясымен серіктестікте HER Venture 2026 форумының алаңында өтеді және қаржы нарығының өкілдерін, инвесторларды және бизнес көшбасшыларын біріктіреді. Мақсаты – технология мен кәсіпкерлік арқылы әлемді өзгертіп жатқан әйелдерге қолдау көрсету. Іс-шара туралы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/ru/media-center/events/3056 [2026-02-27]