Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

02 наурыздан бастап KASE-де SALESFORCE.COM Inc компаниясының US79466L3024 (CRM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылады

27.02.2026 15:35 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 27.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 02 наурыздан 
бастап KASE-де SALESFORCE.COM Inc компаниясының US79466L3024 
("KASE Global" секторы, CRM_KZ) жай акциялармен есеп айырысу күні 2026 
жылғы 09 сәуірге және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық 
контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары 
бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Аталған акциялардың биржадағы сауда-саттығы 2026 жылғы 13 сәуірден 
бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты 
ішкі құжатының 13-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-
де көрсетілген акциялар бойынша дивиденд төлеу тізілімін тіркеу туралы 
ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды.

[2026-02-27]