Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 ақпаннан бастап Қор нарығында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру ережелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

27.02.2026 17:36 · KASE новости kacc документы новости клирингового центра ·
/KACC, 27.02.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC, Клирингілік орталық) 
Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 27 ақпанындағы шешімімен 
2026 жылдың 27 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілетін "Қор нарығында 
орталық контрагентпен жасалатын мәмілелер бойынша ақшалай есеп 
айырысуды жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты KACC ішкі құжатына 
енгізілген № 2 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Түзетулерде мыналар көзделген:

- тұжырымдамалық аппараттың мазмұны нақтыланды / өзгертілді;

- клирингілік қатысушылар санаттарының атаулары Клирингілік қызметті 
  жүзеге асыру ережелеріне сәйкес келтірілген;

- есеп айырысулардың үздіксіздігін қамтамасыз ету және жүйелік 
  тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қор нарығында ақшалай 
  есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін "Бағалы қағаздардың орталық 
  депозитарийі" АҚ арқылы операциялар жүргізу мүмкін болмаған 
  жағдайда ғана іске асырылуы мүмкін резервтік механизм ретінде, 
  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Клирингілік орталықтың 
  корреспонденттік шоттарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған;

- Клирингілік орталықтың қызмет көрсетуі үшін қолжетімді қаржы 
  құралдарының тізбесін кеңейтуге байланысты толықтырулар енгізілді;

- ТКБЖ есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесінде қызмет 
  көрсету тәртібінің өзгеруіне байланысты, ТКБЖ жүйесінде есеп 
  айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету үшін Клирингілік орталықтың 
  корреспонденттік шотына аударылуы мүмкін ақша операциялары 
  бойынша Клирингілік орталықтың қызметін реттейтін ережелер 
  нормаларының редакциясы нақтыланды;

- Биржа мен Клирингілік орталық тіркеген клирингілік қатысушылардың 
  міндеттемелерді орындамау жағдайлары нақтыланды.

Сонымен қатар, Ережелерге редакциялық түзетулер енгізілді.

Ережелердің жаңартылған мәтіні мына сілтеме бойынша KACC интернет-
ресурсында жарияланады https://kacc.kz/ru/kacc-rules ("Есеп айырысулар" 
қалташасы).

[2026-02-27]