Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

02 наурыздан бастап "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00017437 (ORBSb7) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

02.03.2026 10:32 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 02.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 
2026 жылдың 26 ақпанында "Orbis Leasing" ЖШС (Алматы) KZ2P00017437 
(ORBSb7; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, 
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу 
қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын 
баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE 
ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 02 наурызынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/ORBSb7

[2026-03-02]