Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

03 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 наурызында болатын МЕУКАМ KZKD00000778 (MUM060_0055) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

03.03.2026 15:10 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 03.03.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
05 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00000778 (MUM060_0055) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 42 013 297 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 105,9274 % (кірістілік – жылдық 15,10 %) деңгейінде 
белгіледі.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 05 наурызында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 4,6 жыл МЕУКАМ KZKD00000778 
(MUM060_0055) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1561551

[2026-03-03]