/KASE, 03.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың ақпан
айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына
(МБҚ) қысқаша шолу ұсынады.
2026 жылдың ақпан айының соңында KASE "Мемлекеттік бағалы қағаздар"
секторында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 106 облигация
шығарылымы, оның ішінде МЕКАМ 91шығарылымы және 15 еурооблигация
шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 3 нота
шығарылымы, 246 жергілікті атқарушы органдар облигацияларының
шығарылымы және 64 шет мемлекеттер облигацияларының шығарылымы
болды.
Ақпан айының қорытындысы бойынша KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының
жиынтық көлемі 775,2 млрд теңгені ($1,6 млрд) құрады және қаңтармен
салыстырғанда 46,9 %-ға немесе 247,5 млрд теңгеге өсті. Сауда-саттықтың
орташа тәуліктік көлемі 38,8 млрд теңгені (қайталама нарықта – 10,9 млрд
теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 18 (қайталама нарықта – 13),
бір мәміленің орташа көлемі – 2,2 млрд теңгені (қайталама нарықта –
0,9 млрд теңге) құрады.
Бастапқы нарықта ақпан айында жалпы сомасы 556,6 млрд теңгеге
($1 120,8 млн) 96 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 27,7 %-
ға немесе 120,6 млрд теңгеге жоғары:
---------------------------------------------------------------------------------------------------
Сауда- Сауда- Ұсыным-ға сұраным Орташа-саралан. Өтеуге
Орналаст. күні саттық, саттық, кірістіл., % дейін
Сауда-саттық ISIN көлемі көлемі мерзімі
коды млрд KZT млн USD жыл
-------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- --------------- -------
03.02.2026MKM012_0162KZK10000043128,756,8 х4,9 16,211,0MTM072_0001KZKT0000004032,764,8 х2,1 16,092,8MUM072_0016KZKD0000131954,5107,9188,1% 15,186,0
-------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- --------------- -------
10.02.2026MUM180_0009KZKD0000071738,577,8 х3,9 15,912,8MUM180_0016KZKD0000119464,1129,6 х2,7 15,1711,0MUM300_0003KZKD0000085763,6128,5 х3,7 15,1014,0
-------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- --------------- -------
17.02.2026MKM012_0162KZK10000043146,394,2153,2% 16,151,0MOM060_0055KZK20000077855,0111,7 х2,8 15,144,6MUM120_0020KZKD0000126954,4110,5 х3,3 14,949,0
-------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- --------------- -------
24.02.2026MOM060_0054KZK20000073736,172,7 х2,1 16,031,7MUM072_0016KZKD0000131982,7166,3 х2,0 15,105,9
-------------- ------------ ------------ -------- ------- ----------------- --------------- -------
БАРЛЫҒЫ 556,61 120,8
---------------------------------------------------------------------------------------------------
Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде
банктердің үлесіне 68,1 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,1 %,
басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 27,9 %, басқа заңды
тұлғалардың үлесіне – 3,9 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,1 %-дан кем
болды. Бейрезиденттердің МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттыққа
қатысу үлесі 3,0 % құрады.
Қайталама нарықта ақпан айында жалпы сомасы 218,6 млрд теңгеге
($442,8 млн) 256 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 2,4 есе
немесе 127,0 млрд теңгеге жоғары.
Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде
банктердің үлесіне – 37,7 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне –
12,3 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 5,6 %, басқа
заңды тұлғалардың үлесіне – 44,2 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,2 %
тиесілі болды. МБҚ қайталама нарығында бейрезиденттердің сауда-
саттыққа қатысу үлесі 33,3 % құрады.
Ақпан айының қорытындысы бойынша МБҚ индекстері келесі өзгерістерді
көрсетті:
-------------------------------------------------------------------------------
Бір айдағы
27.02.26 ж.б. мәні өзгеруі,
теңге / б.т.
----------------------------------------------- ------------------ ------------
"Таза" бағалар индекстері, теңге
-------------------------------------------------------------------------------
KZGB_CPs 1 жылға дейінгі мерзіммен 1 211,31 +6,64
KZGB_CPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 959,03 +8,75
KZGB_CPl мерзімі 5 жылдан астам 807,84 +7,78KZGB_CPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп 915,45 +9,12
KZGB_CP сегменттеу мерзімісіз 945,06 +9,57
-------------------------------------------------------------------------------
"Таза емес" бағалар индекстері, теңге
-------------------------------------------------------------------------------
KZGB_DPs 1 жылға дейінгі мерзіммен 1 509,78 +19,22
KZGB_DPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 1 293,64 +10,53
KZGB_DPl мерзімі 5 жылдан астам 1 125,94 +20,23KZGB_DPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп 1 179,47 +20,52
KZGB_DP сегменттеу мерзімісіз 1 172,12 +16,67
----------------------------------------------- -------------------------------
Кірістілік индекстері, %
-------------------------------------------------------------------------------
KZGB_Ys 1 жылға дейінгі мерзіммен 16,96 -0,19
KZGB_Ym 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен 16,21 -0,20
KZGB_Yl мерзімі 5 жылдан астам 15,26 -0,16
KZGB_Ym1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп 15,83 -0,22
KZGB_Y сегменттеу мерзімісіз 15,81 -0,22
-------------------------------------------------------------------------------
[2026-03-03]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.