/KASE, 04.03.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE)
2026 жылдың ақпан айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының
іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100% еншілес
компаниясы) қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан
Әбдікәрімовтың пікірі келтірілген:
"Қазақстанның қызмет көрсету саласы ақпан айында соңғы төрт жылдағы
сұраныстың ең күрт төмендеуін тіркеді. Қаңтарда сала бастапқы салықтық
шокты маржаның қысқаруы есебінен еңсеруге тырысқан болса, қазіргі
уақытта жұмыспен қамтудың және іскерлік белсенділіктің төмендеуі бұл ішкі
резервтің сарқылып келе жатқанын аңғартады. Жалпы инфляцияның
біршама баяулауына қарамастан, баға қысымы әлі де жоғары деңгейде
сақталуда – 2026 жылы өткізу және сатып алу бағалары өсімінің
қарқындары арасындағы теріс айырма алдыңғы екі жылдың орташа
деңгейімен салыстырғанда үш еседен астам ұлғайды. Бұл әлсіз сұраныс
жағдайында маржаға түсетін қысымның күшейіп келе жатқанын көрсетеді.
Сонымен қатар, алдағы 12 айға арналған іскерлік күтулер қалыпты оң серпін
көрсетіп отыр, бұл компаниялардың жаңа фискалдық ортаға бейімделуі
аясында тұрақтану мүмкіндігіне қатысты сақ оптимизмге негіз береді.".
Қазақ тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_KAZ_2602_PR_083c92c987.pdf
Орыс тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_RUS_2602_PR_3df507fbb8.pdf
Ағылшын тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_ENG_2602_PR_7c49de5647.pdf
[2026-03-04]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.