Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

10 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00015485 (BTRKb29) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

06.03.2026 14:41 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 06.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
10 наурызынан бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ 
KZ2C00015485 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb29; 1 000 
теңге, 50,0 млрд теңге; 05.03.26-10.03.27; жартыжылдық купон, жылдық 
17,00%; actual/365) облигацияларының KASE – де сауда-саттығы 
ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKb29

[2026-03-06]