Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ KZ2C00017481 (HCBNb24) облигацияларының сәтті орналастырылғаны туралы хабарлады

06.03.2026 17:57 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 06.03.26/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – 
TCIB) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

Teniz Capital Investment Banking АҚ Home Credit Bank АҚ (ForteBank АҚ ЕБ) 
облигацияларының мамандандырылған сауда-саттығын ойдағыдай өткізді.

2026 жылғы 5 наурызда Қазақстандық қор биржасының (KASE) алаңшасында 
Home Credit Bank АҚ (ForteBank АҚ ЕБ) бір жылдық теңгелік 
облигацияларының мамандандырылған сауда-саттығы болып өтті.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша қайта жазылу орын алды және 
инвесторлар тарапынан жалпы сұраныс көлемі 4,4 млрд теңге құрады, бұл 
мәлімденген орналастыру көлемінен асты. Нәтижесінде, нақтылы құны 
бойынша 4,2 млрд теңге сомасына өтінімдер қанағаттандырылды, бұл 
инвесторлардың құралға деген жоғары қызығушылығын растайды.

Шығарылым параметрлері:

Сауда-cаттық коды: HCBNb24 ISIN: KZ2C00017481

Айналу мерзімі: 2026 жылғы 4 наурыздан 2027 жылғы 4 наурызға дейін

Купондық мөлшерлеме: жылдық 19,5%

Кірістілік: жылдық 19,5%

Бір облигацияның нақтылы құны — 1 000 теңге

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_060326_192.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_060326_191.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_060326_193.pdf

[2026-03-06]