Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

12 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017481 (HCBNb24) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

11.03.2026 16:39 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 11.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
12 наурызынан бастап "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) 
KZ2C00017481 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, 
HCBNb24; 1 000 теңге, 45,0 млрд теңге; 04.03.26-04.03.27; жартыжылдық 
купон, жылдық 19,50 %; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы 
ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/HCBNb24

[2026-03-11]