Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Еуразиялық даму банкінің KZ2D00017217 (EABRb59) 30,0 млн облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық 13 наурыздан 17 наурызға ауыстырылды

13.03.2026 12:36 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 13.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттықты ұйымдастыруға 
байланысты техникалық себептермен Еуразиялық даму банкінің KZ2D00017217 
("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb59) 
облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық 
2026 жылдың 13 наурызынан 17 наурызына ауыстырылғанын хабарлайды.

Төменде мамандандырылған сауда-саттықты өткізу шарттары келтірілген 
(Астана қ. уақыты).
---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                  дисконттық облигациялар          
ISIN:                                     KZ2D00017217                     
KASE сауда-саттық коды:                   EABRb59                          
Номиналды құны, теңге:                    1 000                            
Шығарылым көлемі, теңге:                                                   
– тіркелген:                              50 000 000 000                   
– орналастырылған:                        –                                
Айналымның басталу күні:                  облигацияларды орналастыру       
                                          бойынша алғашқы жүзеге асқан     
                                          сауда-саттықты өткізу күні       
Айналымның соңғы күні:                    кейінірек анықталады             
Өтеудің басталу күні:                     кейінірек анықталады             
Өтінім беру мерзімі:                      90 күн                           
Уақыттық база:                            30 / 360                         
----------------------------------------- ---------------------------------
Сауда-саттық күні:                        17.03.26                         
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 30 000 000 000                   
Лот мөлшері, дана.:                       1                                
Сауда-саттық заты:                        дисконтталған баға               
Сатып алуға өтінім түрі:                  шектелімді                       
Өтінім беру тәсілі:                       жабық                            
Өтінімдерді қабылдау уақыты:              10:00–12:00                      
Өтінімдерді растау уақыты:                10:00–12:00                      
Кесімдеу уақыты:                          12:30 (Т+0)                      
Төлем күні мен уақыты:                    17.03.26, 12:30                  
Өтінімдерді кесімдеу әдісі:               бағалары кесімдеу бағасына тең   
                                          немесе одан төмен өтінімдер      
                                          кесімделеді                      
Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді    кесімдеу бағасына тең немесе     
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:        сатушы үшін неғұрлым тиімді болып
                                          табылатын, шектелімді қарсылама  
                                          өтінімдердің бағалары бойынша    
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарсылама өтінімдерді қабылдау   
қарай оларды қанағаттандыру тәсілі:       уақыты бойынша                   
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:     Еуразиялық даму банкі            
---------------------------------------------------------------------------

Еуразиялық даму банкінің бірлескен андеррайтерлері "Alatau City Invest" АҚ 
және "Halyk Finance" АҚ болып табылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен 
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың дисконтталған бағасы көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде данамен облигациялардың 
саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең 
немесе еселенген болуы тиіс.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуі керек.

облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер 
сомасын есептеу әдістемесінің 4 тарауына сәйкес есептеледі 
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf

Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ өзінің 
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып 
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып 
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның төленетін уақыт кестесінде 
көрсетілгенге дейін болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері 
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш 
бере алады. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша 
жарияланған https://kase.kz/ru/members/membership/all

Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида 
мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/EABRb59

[2026-03-13]