Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ "KMF Банк" АҚ облигацияларын жоспарлы орналастыру туралы хабарлайды

13.03.2026 15:11 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 13.03.26/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – 
TCIB) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылдың 19 наурызында, Қазақстан қор биржасының (KASE) 
алаңшасында, жылдық 21% бекітілген кірістілікпен "KMF Банк" АҚ-ның жалпы 
көлемі 5 млрд теңге үш жылдық облигациялары бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық жоспарлануда.

Teniz Capital Investment Banking орналастырудың ұйымдастырушысы ретінде 
болады. Өтінімдерді қабылдау Tabys Pro инвестициялық қосымшасы арқылы 
қолжетімді болады.

Облигацияның атаулы құны 1 000 теңгені құрайды, купон тоқсан сайын 
төленеді, айналу мерзімі – 3 жыл (2026 жылғы 19 наурыз – 2029 жылғы 
19 наурыз). Банктің кредиттік рейтингі – B+ / Stable (Fitch).

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_130326_208.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_130326_207.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_130326_209.pdf

[2026-03-13]