Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE 2025 жылдың қорытындысы бойынша биржаның ең үздік мүшелерін марапаттады

13.03.2026 16:25 · KASE новости kase пресс-релизы, различные уведомления биржи корпоративтік оқиғалар ·
/KASE, 13.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
13 наурызында 2025 жылдың қорытындысы бойынша үздік шыққан KASE 
мүшелерін жыл сайынғы марапаттау рәсімі өткенін хабарлайды.

"Жыл андеррайтері" номинациясы бойынша марапатталды:

- "Halyk Finance" АҚ – акциялар нарығында;

- "Halyk Finance" АҚ және "Alatau City Invest" АҚ – корпоративтік 
  облигациялар нарығында;

- "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ – халықаралық 
  қаржы ұйымдарының облигациялар нарығында.

"Нарық көшбасшысы" номинациясы бойынша марапатталды:

- "Народный Банк Казахстана" АҚ – акциялар нарығында;

- Freedom Finance Global PLC – корпоративтік облигациялар нарығында;

- Freedom Finance Global PLC – мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында;

- "Народный Банк Казахстана" АҚ және "Ситибанк Казахстан" АҚ – шетел 
  валюталары нарығында.

"Жыл маркет-мейкері" номинациясы бойынша марапатталды:

- "Фридом Финанс" АҚ және "BCC Invest" АҚ – акциялар нарығында;

- "Фридом Финанс" АҚ және "BCC Invest" АҚ – корпоративтік 
  облигациялар нарығында;

- "Фридом Финанс" АҚ – мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында;

- "Фридом Финанс" АҚ – "KASE Global" секторында.

Келесі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды:

- "Деривативтер нарығын дамытқаны үшін" – "SQIF Capital" АҚ;

- "Үздік қаржылық кеңесші" – "Alatau City Invest" АҚ, "Halyk 
  Finance" АҚжәне "Teniz Capital Investment Banking" АҚ;

- "Қытай юань биржалық нарығының дамуына қосқан үлесі үшін" – 
  "Қазақстандағы Қытай Банкі" Еншілес банкі АҚ және "Алматы 
  қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп Банкі" АҚ;

- "KASE Global" секторының дамуына қосқан үлесі үшін" – "Standard 
  инвестициялық компаниясы" АҚ;

- "NTPro алаңындағы алғашқы мәміле" - "Teniz Capital Investment 
  Banking" АҚ және "Еуразиялық банк" АҚ;

- "NTPro нарығының көшбасшысы" - "Tansar Capital" АҚ, "Банк 
  ЦентрКредит" АҚ және "Еуразиялық банк" АҚ.

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – 
https://kase.kz/uploads/KASE_2025_zhyl_orytyndysy_bojynsha_Birzha_m_shelerin_listingilik_kompaniyalar_men_BA_kilderin_marapattady_8daa4b61e0.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесі –  
https://kase.kz/uploads/Press_reliz_nagrazhdenie_za_2025_god_6f3df4edee.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесі – 
https://kase.kz/uploads/KASE_awarded_the_Exchange_members_listed_companies_and_media_for_2025_02987f9164.pdf

"Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін жыл сайын марапаттау ережелері 
мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_annual_reward.pdf

KASE алғаш рет 2002 жылдың қорытындысы бойынша Биржаның ең үздік 
мүшелерін марапаттады. Өткен жылдардағы номинациялардың 
дипломанттары туралы ақпаратпен KASE интернет-ресурсында танысуға 
болады – http://kase.kz/ru/members_diplomas/

[2026-03-13]