Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

2026 жылдың 27 наурызынан бастап қор, валюта нарықтары мен туынды құралдар нарығының қаржы құралдары бойынша жаңа тәуекел-параметрлер белгіленетін болады

16.03.2026 17:01 · KASE новости kacc новости новости клирингового центра ·
/KACC, 16.03.26/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Нарықтық тәуекелдер 
жөніндегі комитетінің шешімімен қор нарығының, валюта нарығының және 
туынды құралдар нарығының қаржы құралдары бойынша тәуекел-
параметрлері 2026 жылдың 27 наурызы мен 15 маусымы аралығындағы 
кезеңге белгіленгенін хабарлайды.

KACC сонымен қатар 2026 жылдың 27 наурызы мен 15 маусымы 
аралығындағы кезеңге клирингілік қатысушы стресске қарсы қамтамасыз ету 
ретінде аударатын қор және валюта нарықтарындағы қаржы құралдарымен 
жасалатын мәмілелер бойынша нетто-міндеттемелердің орындалуын 
қамтамасыз ету мөлшерін анықтау үшін стресске қарсы жаңа тәуекел-
параметрлері белгіленетінін хабарлайды.

Бұл ретте, 2026 жылдың 15 наурызына дейін белгіленген тәуекел-
параметрлердің қолданылу мерзімі 2026 жылдың 26 наурызына дейін 
ұзартылды.

Жаңа тәуекел параметрлерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады 
https://kacc.kz/ru/risk-parameters

[2026-03-16]