Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

20 сәуірде "ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

18.03.2026 17:48 · KASE корпоративтік оқиғалар собрания (уведомления о проведении) новости эмитентов ·
/KASE, 18.03.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) 2026 жылдың 
20 сәуірінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні 
туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) банктің 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту 
   туралы;

2) банктің 2025 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, 
   банктің бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері туралы;

3) банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылындағы есебі туралы;

4) акционерлердің банктің және оның лауазымды тұлғаларының 
   әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы;

5) банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне 2025 жылға 
   берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы.

Жиналысты өткізу туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат – 
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_180326_1.pdf

[2026-03-18]