Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 наурыздан бастап KASE-де Micron Technology, Inc. компаниясының US5951121038 (MU_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

26.03.2026 17:30 · KASE инструменты маркет-мейкерство (присвоение, лишение, отказ от статуса) новости kase ·
/KASE, 26.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 27 наурыздан 
бастап KASE-де Micron Technology, Inc. компаниясының US5951121038 
("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акцияларымен орталық контрагенттің 
қатысуымен жасалатын сауда-саттық режіміндегі және есеп айырысуы 2026 
жылғы 30 наурызына және одан кейінгі күндерге түсетін репо операциялары 
бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Осы акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2026 жылғы 01 сәуiрiнде қайта 
басталады

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты 
ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, KASE-де 
осы акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге 
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша 
тоқтатылды.

[2026-03-26]