Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ kz2c00012698 (BTRKb17) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

27.03.2026 10:07 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 27.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
27 наурызынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар 
нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* 
сериясы) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның KZ2C00012698 
(BTRKb17) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына 
байланысты алып тастады (27 наурыз – өтеу кезінде тіркелген күні).

2026 жылдың 27 наурызынан бастап KASE_BM* сериялы индикаторлардың 
өкілдік тізімі 84 атаудағы облигациялардан тұрады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке 
алмағандағы бағалар ("таза" бағалар бойынша) бойынша есептелетін 
корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-03-27]