Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

27 наурыз күні Қазақстан қор биржасында бес облыс әкімдіктері 11,1 млрд теңге тартты

27.03.2026 17:40 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 27.03.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының бес 
шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі 
облигациялар орналастырылды:

1) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002913 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 1 000 теңге, 
   11 073 923 000 теңге; 27.03.26 – 27.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 
   0,35 %;30/360) 1,5 млрд теңгеге;

2) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002939 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 1 000 теңге, 
   11 073 923 000 теңге; 27.03.26 – 27.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 
   0,35 %;30/360) 3,0 млрд теңгеге;

3) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00002947 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 
   1 000 теңге, 11 073 923 000 теңге; 27.03.26 – 27.03.28; жарты жылдық 
   купон, жылдық 0,35 %;30/360) 3,0 млрд теңгеге;

4) Солтүстік-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00002954 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 
   1 000 теңге, 11 073 923 000 теңге; 27.03.26 – 27.03.28; жарты жылдық 
   купон, жылдық 0,35 %;30/360) 2,0 млрд теңгеге;

5) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003028 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_291; 1 000 теңге, 
   11 073 923 000 теңге; 27.03.26 – 27.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 
   0,35 %;30/360) 1,6 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу 
объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) 
сатып алуды, сатып алуды қаржыландыру мақсатында шығарылды.

[2026-03-27]