31 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясының XS2624614751 (ICD_e1) сенім сертификаттарымен сауда-саттық қайта басталады
/KASE, 30.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 31 наурызынан бастап Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясының XS2624614751 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ICD_e1) сенім сертификаттарымен KASE-де сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды. Сауда-саттық көрсетілген бағалы қағаздарды ішінара мерзімінен бұрын сатып алудың аяқталуына байланысты қайта басталды. Аталған бағалы қағаздармен сауда-саттық KASE-де 2025 жылдың 19 желтоқсанынан бастап тоқтатылды. Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2025 жылдың 18 желтоқсанындағы "19 желтоқсаннан бастап KASE-де Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясының XS2624614751 (ICD_e1) сенім сертификаттарымен сауда- саттық тоқтатыла тұрады" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/ru/information/news/show/1557241 [2026-03-30]