Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

06 сәуірден бастап Сауда саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысына енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

06.04.2026 12:00 · KASE нормативная база поправки в документы новости kase ·
/KASE, 06.04.26/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 
2026 жылдың 19 наурызындағы шешімімен 2026 жылдың 06 сәуірінен 
бастап қолданысқа енгізілетін "Сауда-саттық регламенті және бақылау 
және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы" (Регламент) атты KASE ішкі 
құжатына № 23 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

KASE шетел валюталары нарығында жаңа валюта жұптарының – AED/KZT 
(есептесуі теңгемен араб дирхамы) және USD/AED (есептесуі араб 
дирхамымен АҚШ доллары) Т+0, Т+1 және Т+2 есеп айырысу 
схемаларымен, сондай-ақ AED/KZT және USD/AED валюталық жұптарына 
қатысты шетел валютасымен жасалатын операциялармен іске қосылуына 
байланысты түзетулер енгізілді.

Түзетулермен, сондай-ақ USDCNY_TOM, USDCNY_SPT, EURCNY_TOM, 
EURCNY_SPT, CNYKZT_TOM және CNYKZT_SPT құралдарымен сауда-
саттық қандай да бір себептермен KASE юань бойынша кез келген немесе 
барлық тиісті корреспондент-банктер үшін жұмыс істемейтін күн болып 
табылған жағдайда KASE-де өткізілетіні анықталды.

Регламенттің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме 
бойынша жарияланады https://kase.kz/kz/information/rules

[2026-04-06]