Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE өзінің интернет-ресурсында 2026 жылдың наурыз айындағы Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі бойынша шолуды жариялады

06.04.2026 14:44 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 06.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің интернет-
ресурсында 2026 жылғы наурыз айындағы Қазақстандағы іскерлік 
белсенділік индексі (ІБИ) бойынша шолуды жариялады, оны Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкі кәсіпорындардың ай сайынғы 
сауалнамасының нәтижелері бойынша дайындайды және кәсіпорындардың 
экономикалық көрсеткіштерінің нақты өзгерістеріне және олардың 
болашақтағы өзгерістеріне қатысты күтулеріне қатысты сұрақтарға 
кәсіпорындардың жауаптарының жиынтығын қамтиды.

ІБИ – бұл нақты сектордағы экономиканың жағдайын сипаттайтын 
көрсеткіш, экономикалық тенденциялардың динамикасын, бизнес циклінің 
маңызды және бетбұрыс нүктелерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақпаратына сәйкес:

"2026 жылғы наурыз айында іскерлік белсенділік индексі 49,5 деңгейінде 
болды.

Өндіріс пен қызмет көрсету салаларында индекс оң аймақта қалып, 
сәйкесінше 50,5 және 50,7 деңгейінде тіркелді (ақпанда – 51,8 және 50,7). 
Өндірістегі белсенділік жаңа өнім көлемінің төмендеуі салдарынан 
баяулады. Құрылыс, сауда және тау-кен өнеркәсібінде индикаторлар 
төмендеу аймағында қалып, сәйкесінше 44,6, 48,0 және 49,6 болды 
(ақпанда – 45,1, 47,6 және 49,7).".

Қазақ тіліндегі шолу – https://kase.kz/kz/indexes-and-indicators/pmi

Орыс тіліндегі шолу – https://kase.kz/ru/indexes-and-indicators/pmi

Ағылшын тіліндегі шолу – https://kase.kz/en/indexes-and-indicators/pmi

[2026-04-06]